Иран мұнай өндіру көлемін ұлғайтпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Мұнай министрі Биджан Намдар Занган Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Иранның мұнай өндіру көлемін тәулігіне 4 млн баррельге дейін ұлғайтуды көздеп отырғандығын айтқан.

Бұл туралы vestifinance.ru мәлім етті.

Министр сөзінде Иранның Алжирдегі келіссөздер барысында өзге де ірі мұнай өндіруші елдермен келісімге келуді жоспарлап отырғандығын айтты. Дегенмен, олар мұнай өндіру көлемін бүгінгі деңгейде қалдыруды көздеп отырған жоқ.

ОПЕК-тегі мұнай өндіру көлемі жағынан үшінші орында тұрған Иран Алжирде өтетін Халықаралық энергетикалық форум барысында картельдің өзге де мүшелерімен келіссөздер жүргізеді. Осыған қарай жиынға қатысушылар ОПЕК-тің 30-қарашада өтетін жыл сайынғы мәжілісінде нақты келісімге келуі де мүмкін.

Форум аясындағы алдағы 2-3 күнде Иран қандай да бір келісімдер жасамайтынын айтып отыр. «Бұл ретте біз тек пікір алмасумен шектелеміз»,-деді журналистерге Иранның Мұнай министрі.

Осыған дейін Иран Сауд Арабиясының біз мұнай өндіру көлемін 2016 жылдың басындағы деңгейге келтіреміз, егер әрине, Иран мұнай өндіруді бүгінгі деңгеймен тоқтататын болса, деген ұсынысын қабыл алмады.

Занганның сөзінше, Иран ОПЕК-тің жалпы мұнай өндіру көлеміндегі үлесін қайтарып алғысы келеді. Халықаралық санкциялар енгізілгенге дейін бұл меже 13 пайыз болатын.

Соңғы жаңалықтар