Иран мұнай экспортын тәулігіне 150 мың баррельге дейін арттырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран мұнай экспортын тәулігіне 150 мың баррельге дейін арттыруға ниетті. Бұл туралы Иран ұлттық мұнай компаниясының халықаралық қатынастар бойынша атқарушы директоры Сейед Мохсен Гамсари хабарлады, деп жазды Gazeta.ru Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Экспорт көлемінің артуы Иранның күнделікті шетелге жеткізетін мұнай көлемін 2,2 млн баррельден 2,35 млн баррельге дейін арттырады. Гамсари экспортталатын мұнайдың шамамен 600-650 мың баррелі еуропалық нарыққа түсетінін айтты.  Оның сөзіне қарағанда, 2,5 млн баррель экспорт көрсеткішіне жеткізу ауыр және кешенді тапсырма болмақ.

Мемлекеттік компания өкілі қазір елдегі нарықта тәулігіне шамамен  1,8 млн баррель пайдаланылатынын жеткізді.  

Осыған дейін Иран мұнай өндіруді бәсеңдетуден бас тартқаны туралы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар