Иран мен Болгария басшылары Грузия арқылы теміржол құрылысын жүргізуге келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран президенті Хасан Роухани Болгария басшысы Росен Плевнелиевпен Ираннан Грузия аумағы арқылы теміржол құрылысын жүргізу мүмкіндігін талқылады.

Екі мемлекет басшысының кездесуі Нью-Йоркте БҰҰ БА алаңында өтті, деп хабарлайды РИА Новости.  

Сондай-ақ  жүздесу барысында ирандық бизнесмендердің өз компанияларын еуропалық нарыққа шығаруы үшін Болгария салық жүйесінің икемді  жағдайын пайдалана алатындығы атап өтілді. 

«Мұнымен қатар екі елдің басшылары фармацевтика, ақпараттық технология, энергетика, тамақ өнеркәсібі, нанотехнология салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - деп атап өтілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар