Иран Қазақстаннан үш жыл ішінде 950 тонна уран алмақ

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Иран Қазақстаннан үш жыл көлемінде 950 тонна уран экспорттамақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Иранмен бизнес жүргізу» бірінші сауда-экономикалық конференциясында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Иранда 5+1 тобымен (Иранның ядролық бағдарламасын әскери мақсатқа пайдалануына тосқауыл қою үшін құрылған топ, құрамына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері 5 ел: АҚШ, Ресей, ҚХР, Англия, Франция + Германия кіреді ред. ) уранға қатысты рұқсаты бар. Біз қазір Қазақстаннан уран импорттау жөнінде үш жылға келісімге келіп отырмыз. Иранның уран импорттауға қажетті ұйымдармен келісімі бар болғандықтан, Қазақстанның уран импорттау жолы заңды. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы уран бойынша келісмшарттың мақұлданғанын күтіп отырмыз. Егер мақұлданса, 950 тонна уранды үш жылда сатып алмақпыз. Алдағы жылы 325 тонна аламыз», - деді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі.
null

Сонымен қатар, елші 2016 жылы Иран Президенті Хасан Роуханидің Қазақстанға ресми сапарынан кейін, 2017 жылы екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі артуы мүмкін екенін айтты.
null

«Былтыр Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыс 750 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары. Биыл біз сауда экономикалық қатынастар артады деп отырмыз. Нақты сандар туралы айтуға әлі ерте. Былтырғы келісімдерді негізге алатын болсақ, біздің сауда байланысымыз биыл артуы қажет. Атап айтқанда, металл, агрокешен, тау-кен өндірісі саласы бойынша сауда көрсеткіштері өсуі қажет. Ал Иран тарапы Қазақстанға құрылыс материалдары, химиялық және мұнай химиялық өнімдер мен азық-түлік, машина жасау саласы бойынша тауарларын экспорттай алады», - деді елші.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар агенттігі мен Zoodel он-лайн В2В сауда алаңының ұйымдастыруымен «Иранмен бизнес жүргізу» бірінші сауда-экономикалық конференциясы өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылар екі ел арасында мұндай шара бірінші рет ұйымдастырылып отырғанын айтады. Конференцияға Ираннан құрамында мемлекеттік орган, бизнес өкілдері, Иран Ислам Республикасының банкі, Иран-Қазақстан іскерлік кеңесі, Иран мемлекеттік экспорт-несие агенттігі өкілдері енген арнайы делегация келді.
null  

Соңғы жаңалықтар