Иран Каспий теңізіндегі мұнай кен орындары Ресеймен келіссөздер жүргізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Каспий теңізіндегі кен орындарын барлау және өңдеу бойынша Ресей, Норвегия және Қытай компанияларымен келіссөздер жасайды. Бұл жайлы «Khazar Exploration and Production Co» (KEPCO) компаниясының халықаралық істер жөніндегі директоры Рамин Ходафарин мәлім етті, деп хабарлайды ИРНА.

Оның айтуынша, соңғы аптада Ресей, Норвегия және Қытайдың мұнай мен газды бұрғылау және барлау саласындағы жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесулері өткен. Кездесу барысында Каспий теңізіндегі кен орындарын өңдеу және дамыту бойынша ынтымақтастық байланыстардың мүмкіндіктері талқыланды.

Соңғы жылдары Иранның мұнай министрлігі Парсы шығанағындағы мұнай кен орындарын өңдеуге баса назар аударып келді, алайда санкцияларды жою және шетелдік компаниялардың қатысуына көмектесуді ескере отырып, министрлік қажетті қаржылық қор мен теңіз тереңдігіндегі кен орындарын бұрғылауға арналған технологияларды игеру үшін Каспий теңізіндегі мұнай кен орындарын өңдеуді күн тәртібіне қойды.

Ходафарин сондай-ақ, KEPCO-ның инвестициялық комитеті құрылғандығын хабарлап, аталған комитеттің Каспий теңізіндегі кен орындарын өңдеу бойынша жоспарларды жүзеге асыруға капитал және технологиялар табуға міндетті екендігін айтты.

Бұған дейін Иран мұнай компаниясының басқарушы директоры Хазар Мохсен Делавиз Ресейдің мұнай компаниясы «Лукойлмен» жақын арада Каспий теңізіндегі кен орындарын зерттеу бойынша келісімдер жасалуы мүмкін екендігін жасырмады.

Оның айтуынша, келісімге сәйкес, тараптар Каспийдің оңтүстік бөлігіндегі мұнай кен орындарын зерттеу бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіндегі Сардар Джангал кен орнының 2500 м тереңдігінен мұнай қоры табылып отыр.

Соңғы жаңалықтар