Иран бір тәулікте Еуропаға 4 млн баррель мұнайды жөнелтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаға бір тәулік ішінде Ираннан 4 млн баррель мұнай жөнелтіледі.

Бұл туралы Ұлттық иран мұнай компаниясының басшысы Рокноддина Джавади мәлімдеді.

«2 млн баррель мұнайды Total француз компаниясы, тағы 2 баррельді ресейлік және испаниялық компаниялар сатып алды», - деді ол.

Атап өтейік, осыған дейін Иранның вице-президенті Ирана Эсхак Джахангири алдағы айда ел қара алтынның экспортын күніне 1,5 млн баррельге дейін арттыратынын, кейін 21 наурызда 2 млн баррельге дейін жеткізетіндігін мәлім еткен болатын, деп жазды informing.ru.

Соңғы жаңалықтар