Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 330.00
EUR 390.72
RUB 5.65
CNY 50.13

Иракта француздық тілші минаға түсіп мерт болды

Иракта француздық тілші минаға түсіп мерт болды
2017 жылғы 20 маусым 11:17 651

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Мосул қаласында минаның жарылуынан Франциядан келген тілшілер зардап шегіп, оның біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Росбалт.

Мерт болған француз журналисінің есімі - Стефан Вильнев. Сондай-ақ, жарылыс кезінде күрд журналисі Бахтияр Хаддад қаза тапты. Тағы екі француз тілшісі жарақат алған. Бұл ақпаратты зардап шеккендердің бірі Самуэль Форе өзінің Twitter-дегі парақшасында растады. Сондай-ақ, ол өзінің әріптестері үшін жаны күйзелетінін жеткізді.

Le Mond-тың дерегі бойынша, қазіргі таңда Форе Бағдатқа эвакуацияланды. Мосулда журналистерді қала үшін күресіп жатқан Ирактың арнайы күштер тобы алып жүрген. Мосулды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларынан азат ету ұрысы 2016 жылдың көктемінде басталған. Оған АҚШ-тың халықаралық авиация коалициясының басшылығымен Ирактың әскері қатысып жатыр.

18 маусым күні әскердің Мосулдағы ескі аудандардың бірінде содырлардың соңғы анклавына шабуыл жасағаны белгілі болды. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, БАҚ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер