18:51, 22 Қазан 2017 | GMT +6
Иракта 2018 жылғы 12 мамырда парламент сайлауы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы елдің Өкілдер кеңесіне (парламент) болатын сайлау күнін белгіледі.
Бұл жайлы жексенбіде «Әс-Сумария» телеарнасы хабарлады.
Оның ақпаратына сәйкес, парламенттің төртінші шақырылымына сайлау 2018 жылғы 12 мамырда өтеді.