Ипотека беретін банктер өздерін ғана ойлайды - Зәуреш Баймолдина

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі ерікті сақтандыру жүйесін дамыту жолдарын қарастырып жатыр. Бүгінде ипотекалык несиелер нарығында сақтандыру жүйесі бар болса да, көп жағдайда, ондай жүйе біржақты, яғни үлескерлер үшін емес, банктер үшін тиімді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ипотекалық займ туралы келісімшарт жасалғанда барлығы банктерге, тіпті сақтандыру төлемдері де соларға беріледі. Сонда ол ерікті түрде емес, міндетті шара болып саналады. Амал жоқ, несие алғаннан кейін адам келісуге мәжбүр. Мәселен, "Бесобаны" (Қарағандыда құлап қалған үй - авт.) алайықшы, сол кезде барлық сақтандыру төлемдерін банк алды. Ал xалыққа бюджеттің есебінен өтемақы берілді. Бұның өзі ипотекалық несиелендіру нарығындағы сақтандыру жүйесінің дұрыс жолға қойылмағанын көрсетсе керек", - деді ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина заң-жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, елімізде ерікті сақтандыру жүйесін дамытқан маңызды. Сонда ғана xалықтың меншік құқығы қорғалады. Алайда адамның меншік құқығын толығымен қорғау үшін жылжымайтын мүліктің кімге, қалай және қашан сатылғаны туралы толық ақпарат болуы шарт. Ақпараттық жүйелерді интеграциялап, бір-біріне қосу қажет. "Онсыз xалықты ерікті сақтандыру жүйесіне үндеу ерте. Бұл - нақты зерттеудің нәтижесі", - деп атап көрсетті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар