iPhone 7 гаджетінің иелері телефондарын тесуге неге құмар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте iPhone гаджеттерінің иелеріне смартфонан құлаққапқа арналған ойықты қалай жасауға болатындығын түсіндіретін бейнематериал пайда болды.

Аталған смартфондарды қолданушы кейбір адамдар осы бейнематериалдағы әдісті қолданып көріп, оның нәтижесне таң қалды, деп хабарлайды Vesti.ru The Sun басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғанындай, Apple компаниясы iPhone 7 смартфонын жасаған кезде құлаққапқа арналған әдеттегі ойықты жасаудан бас тартқан. Өз кезегінде бұл шектеу микросхемаларға орын босатып, ол смартфонның қуатын күшейтуге мүмкіндік тудырады.

Ал, смартфонда пайдаланушылар үйреніп қалған әдеттегі ойықтың орнына компания өкілдері телефонды Bluetooth арқылы қосатын құрылғыны пайдалануды ұсынады. Алайда, бұл жаңалықты қалың көпшілік арасында түсінбей отырғандар да бар. Осы себепті көптеген смартфон пайдаланушылар YouTube желісіндегі бейнематериалды көріп, ондағы әдісті қолданып, телефондарын бүлдіріп алып жатыр.

Бейнематериалдың авторы гаджетті екі жағынан қысып тұрып, бұрғымен 3,5 мм етіп тесуді ұсынады. Қазіргі таңда бұл роликті 8 миллионнан астам адам қараған.

Соңғы жаңалықтар