Иорданиялық саясаткер: 2017 жыл Қазақстанның халықаралық аренадағы табыстарымен есте қалды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан халықаралық саяси аренада белсенді қатысушы мен бітімгерге айналды. Бұл пікірді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Иорданияның танымал жазушысы және саяси қайраткері, «Қазақстан. Азап пен үміт симфониясы» кітабының авторы Муна Аль-Махамра Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі ұйымдастырған салтанатты қабылдауда айтты.

ҚР Елшілігі ұйымдастырған дипломатиялық қабылдауға Иорданияның ресми тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері, АҚШ, Ресей, Әзербайжан, Түркия, Қытай дипломаттары және ірі бизнес компаниялардың өкілдері қатысты.

«Қысқа тарихи кезеңде Қазақстан экономикасы 20 есеге өсті, ірі халықаралық корпорациялар Қазақстанға 265 млрд доллардан астам инвестиция құйды. Биыл Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-ші орынды және «Бизнесті жүргізудің қарапайымдылығы» индексінде 35-ші орынды иеленді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жарияланған экономикалық өсімнің жаңа моделі еліміздің өр мақсаттарға жету жолын сипаттайды. Онда жаңа жоғары технологиялы салаларға, ақпараттық және коммуникациялық технологияларға, іскерлік ортаны жақсарту мен институтционалды реформаларға негізделген Қазақстанның жедел технологиялық жаңғыртылуына баса мән беріледі», - деді Иорданиядағы ҚР Елшісі Азамат Бердібай өз сөзінде.

Иорданияның танымал жазушысы және саяси қайраткері, «Қазақстан. Азап пен үміт симфониясы» кітабының авторы Муна Аль-Махамра ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай, өзінің құттықтау лебізін білдірді. М.Ф.Махамраның пікірінше, сыртқы саясаттағы негізгі жетістіктерінің бірі - Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі атануы.

«Қазақстанның Сириядағы шиеленісті тараптарды бітімге шақыруға елеулі күш салып, табыстарға қол жеткізгені қуантады.  Сирия аумағындағы атыс-шабыс тоқтатылып, босқындар өз үйлеріне орала бастады. Одан бөлек, ядролық сынақтардың зардабын бір кісідей тартқан Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсенді қатысушысына айналды. Қазақстанда төмен байытылған уран банкінің ашылуы да жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және ядролық қауіп-қатерді азайтуға қосылған елеулі үлес», - деп атап өтті М.Ф.Махамра.

Махамра өзінің «Қазақстан. Азап пен үміт симфониясы» кітабын кездейсоқ жазған жоқ, ол - «Ядролық қаруды таратпау және жою парламентариінің» иорданиялық үйлестірушісі. Сонымен бірге, 2017 жыл екіжақты ынтымақтастықтың артуымен есте қалды. Қазақстанға ресми сапармен барған Иордания Королі Н.Назарбаевтың «Ядросыз әлем және жаһандық қауіпсіздік» марапатының алғашқы лауреаты атанды.

«Мен Жаратқаннан ғажап мемлекетке жақсылықтар, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа зор денсаулық тілеймін. Қазақстан даму мен бейбітшіліктің үлгісі бола берсін. Өзге елдермен салыстырғанда, Иордания мен Қазақстанның бейбітшілікке қол жеткізудегі бағыты бір», - деді М.Ф.Махамра.

Соңғы жаңалықтар