Иоган Меркель ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Иоган Давидович Меркель басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

И.Меркель бұл қызметті 2008 жылдан бері атқарып келді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Иоган Меркель Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар