Инженерлік желілер қағаз сияқты тозып кетті - Марxабат Жайымбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар аймақтарында инженерлік желілердің тозуы 80 проценттен асады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, бүгінде Павлодар облысында кәріз жүйелерінің тозу көрсеткіші 85 процентке жетті. Алматы облысында - 75 процент, Қарағанды облысында - 80 процент, Теміртау қаласында да инженерлік желілер қатты тозып кетті. Демек, желілер қағаз сияқты тозып кеткен. Сол себепті осы салаға қаржы салып, инженерлік жүйелердің тозуын барынша төмендету керек", - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
null 

Оның айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде инженерлік желілерді жаңғыртуға 237 млрд теңге бөлінген болатын. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2 695 шақырым жылу, сумен жабдықтау мен су тарту желілері, 21 қазандық, 70 сорғы стансасы, кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары салынды. Осының арқасында инженерлік желілердің тозу көрсеткіші 3 пайызға төмендеді. Алдағы уақытта осы саладағы шаралар жалғаса береді.

Соңғы жаңалықтар