Инвесторға пара бере салған жеңіл - партиялық бақылау нәтижесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен жиын барысында «Нұр Отанның» орталық аппараты париялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлан Баймырзаев ивесторлардың машақаты туралы айтып берді, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен сіздерге қызықты бір оқиғаны айтып берейін. Ол оқиға дәл қазір өрбіп жатыр. Қазақстанға біринвестор келді. Үлкен бір өндірісті ашатын ойы бар. Бір ауданда жер алыпты. Оның жобасы Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына да кірді. Енді, инвестор сан алуан рұқсат қағаздарын жинап жүргенде ана жақ оның жерін басқа фирмаға беріп жіберді. Әкімдік бәрін білген. Сонда айдаладағы жерді тұрғын үй құрылысына бере салыпты. Ешқандай инфрақұрылымы жоқ, бас жоспарды да ескеріп жатқан адам табылмады. Жаңағы инвестор аң-таң. Қоңырау шалып, мәселенің мәнісін сұраса, «Жарайды, біз ол жерді қайтіп рәсімдеп береміз, бірақ 100 мың доллар беріңіз» деген жауап алыпты», - деді Баймырзаев бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен селекторлық жиында.

Осы сөзден кейіна генттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев аталған оқиғаның қай жерде болғанын сұрады. Баймырзаев болса, «бір облыста» деген сөзбен шектеліп, алдағы уақытта барлық құжаттарды жинап алғаннан кейін агенттікке өз қолымен тапсыратынын жеткізді.

«Сонда қараңыз, инвесторқұжат жинау және тағы басқа шараларға кеткен уақытын қимай, сол фирмаға пара беріп құтыла салады. Оған солай істей салған жеңіл. Ондай жағдай бір облыста емес, барлық аймақтарда болатын сияқты. Инвесторларға артық машақат қажет емес. Пара бере салған жеңіл», - деп атап көрсетті «Нұр Отан» партиясының өкілі.

Айта кетейік, бүгінде сәулет және қала құрылысы саласындағы кәсіпкерлердің арыз-шағымдары жыл сайын көбейіп келеді.

Бүгінде кәсіпкерлер жер және қала құрылысы кадастарларын біріктіруді ұсынып отыр. Соның арқасында құжат рәсімдеуге кететін біраз шығындардыазайтуға болады.

Сондай-ақ бизнесмендер Қала құрылысы кодексін әзірлеу керек деп санайды.

Соңғы жаңалықтар