Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Инвестиция тартуда 11 елмен іс-қимыл жоспары әзірленеді - ҚР ИДМ

2017 жылғы 8 желтоқсан 13:20 842
Поделиться:
Инвестиция тартуда 11 елмен іс-қимыл жоспары әзірленеді - ҚР ИДМ

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Инвестиция тартуда басымдыққа ие 11 елмен іс-қимыл жоспары әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің  Ұлттық инвестициялық стратегиясы қабылданғанын айтқан ол: «Стратегияда инвестиция тарту  үшін басымдықты елдер анықталды. Экономикалық мүмкіншіліктері ескеріле отырып, әлемнің 36 әлеуетті елі анықталды. Олардың ішінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Қытай сынды ең басым 11 ел бар. Осы басымдықты елдердің әрқайсысымен жұмыс істеу үшін Сыртқы істер министрлігімен бірге жеке тәсілдемелер мен нақты іс-қимыл жоспарлары әзірленетін болады»,-  деді.

Жалпы оның сөзіне қарағанда, үш жылдық құлдыраудан кейін 2016 жылы Қазақстан экономикасына салынған тікелей шетел инвестициясының  көлемі айтарлықтай өсіп, 21 млрд долларды құраған.

«Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға жоғары. Дәл осындай тенденция ағымдағы жылы да байқалады. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығын алып қарайтын болсақ, онда Қазақстанға құйылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 10,5 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6 пайызға жоғары болып отыр. Тау-кен өнеркәсібі  саласына құйылған тікелей шетел инвестициясы  2,2 есеге артып, өңдеу өнеркәсібінде - 46,7, көлік саласында 10,3 пайызға өсті», - деді Лариса Жұмағалиева.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат