Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі тағайындалды
«Ресми өкіл министрліктің, оның комитеттерінің және министрлік жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметі туралы халықты ақпараттандыруға белсенді атсалысатын болады»,-деп атап өтілген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, Мұрат Жұманбай бес жылдан астам уақыт ҚР Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) баспасөз-орталығын басқарды. Екі жылдай ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі бола тұра, палатаның баспасөз қызметіне жетекшілік етті.
Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі болған. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметін атқарды.