Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Скляр Роман Васильевич ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында туған. Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Ол әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті, ұлттық экономика вице-министрі, инвестициялар және даму вице-министрі қызметтерін атқарған. 2016 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапатталған.

Соңғы жаңалықтар