Интернетте отырған балаңды бақыла - Қазақстандық оқушылардың инновациялық жобасы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Саран қаласының №17 мектеп оқушылары балалардың Интернет желісіндегі зиянды контентке кіруіне тыйым салатын «Ата-ана бақылауы» бағдарламасын жасап шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

С# (С Sharp) бағдарлама жасау тілі негізінде жасалған бағдарлама кәмелетке толмаған жастардың зиян тигізетін сайттарға кіруіне тыйым салады. Ата-аналардың тыйым салынған тізіміне енгізілген сайттарға кірген жағдайда 2-5 минуттың ішінде көрсетілген электрондық поштаға хабарландыру келеді.

«Бұл жоба қазір өзекті болып отыр. Елбасы «Қазақстан киберқалқанын» жасау туралы тапсырма берген болатын. Біздің қаламызда алғашқы қадамды оқушылардың өздері жасап, балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін бағдарлама ойлап тапты», - деді Саран қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.
null

Саранда бұл бағыттағы жұмыс биылғы оқу жылында басталды. Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Оспановтың бастамасымен өткен жылдың қазанында №6 мектептің базасында заманауи технологиямен жабдықталған IT-сынып ашылды.

«Сыныпты ашудағы мақсат - дарынды оқушыларды жұмылдырып, компьютерлік технологиялар саласындағы өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесу. Оқушылар авторлық мультипликациялық фильмдер жасап шығарып, оларды сайттарда жариялауда. Робот техникасы конкурсына дайындалып жатыр», - деп атап өтті білім бөлімі. 
null 

Соңғы жаңалықтар