Интеллектуалды жүйе: Үлескерлер проблемасы толығымен шешіледі

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ірі құрылыс компанияларының бірі жылжымайтын мүлік бойынша интеллектуалды жүйені әзірлеуге кірісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интеллектуалды жүйе» дегеніміз не? Бәріміз білеміз, бүгінде жылжымайтын мүлікті сату саласында алаяқтық әрекеттер аз емес. Ал интеллектуалды жүйе ондай әрекеттерге жол бермейді. Себебі барлық құжаттар электронды форматта болады», - деді компания басшысы Айдын Раxымбаев бүгін Astana Innovation Challendge жобасы аясындағы кездесуде.

Оның айтуынша, аталған жобаны алдымен Астана бойынша іске асыру көзделіп отыр. Содан кейін оны республикаға тарату жоспарланған.

«Барлығы цифрлық үлгіде болады. Қазір үйдің жобасын ауыстыру, шағын дүкенді салу және тағы басқа жұмыстарға ақша да, уақыт та көп кетеді. Ал интеллектуалды жүйеде бұның барлығы автоматты түрде жасалады. Аталған жүйенің негізгі мақсаты - барлық жылжымайтын мүлікті блокчейн теxнологияларына ауыстыру. Бұл дегеніміз, үйді сатып алғанда нотариустың да қажеті жоқ. Блокчейн арқылы келісімді рәсімдеп, ақшасын төлеп беруге болады. Интеллектуалды жүйеде тіркеуге тұрмаған құрылыс компаниялары өз қызметтерін ұсына алмайды. Демек, үлескерлер мәселесі толығымен шешіледі», - деп атап көрсетті А.Раxымбаев. 

Айта кетейік, Astana Innovation Challendge жобасы аясындағы кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев те қатысып, жас инноваторларға өз кеңесін берді.

Ал Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «ақылды ПИК» жүйесін енгізуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар