Инстаграмның ең кішкентай жұлдызы қалай оқып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазнеттің жұлдызы, Инстаграмдағы ең танымал бүлдіршін Аминка-Витаминка мектеп табалдырығын аттады. Бүлдіршін Алматыдағы №15 мектеп гимназиясының 1-сыныбында білім алып жатыр. Желіде 682 мың жазылушысы бар Аминаның мектептегі өмірі қалай өтіп жатқанын өз көзімізбен көріп қайттық.

Танымал бүлдіршін мектептің де жұлдызы болып үлгерген. Қоңырау соғылғаннан-ақ класқа келіп, Аминамен суретке түсем деушілердің қарасы көбейіп кетті.

Тіпті дәлізде де жоғарғы сынып оқушылары оны танып селфи жасау мүмкіндігін қалт жібермей жатыр.

Аминаның ұстазы Мәншүк Мейірханқызы өзінің ерекше оқушысының білімге деген ынтасы туралы айтты.
null

«Интернетте бұзық Аминамыз биязы, ақылды, әдепті бала. Өзінің тәртіптілігімен бірден көзге түсті. Суырылып жауап береді, өз пікірін ашық, емін-еркін айта алады. Біздің қазіргі бағдарламаның өзі баланың өз ойын ашық жеткізуіне бағытталған. Педагог ретінде айтарым, ерекше танымалдылық баланың психологиясына әсер етеді. Бірақ менің оқушым әлі кішкентай болғасын ондай жұлдыз ауруына шалдықпаған. Ата-анасы да қарапайым», - деді Мәншүк Мейірханқызы.  

null

null
Оның айтуынша, балалар алғашқы қоңырауда-ақ Аминаны қоршап алып, суретке түскен.
null

 

Инстаграм жұлдызының анасы Арайдың айтуынша, қызы мектепке барғалы бері басқа жоспарлардың барлығы кейінге шегерілген. Ең бірінші басымдық сабақ оқуға беріліп отыр.

Сабақтан тыс уақытта бүлдіршін сериалға түсіру жұмыстарына барады. Кинода Амина мен сіңілісі екеуі өздерінің рөлдерін сомдайды.

Түсірілім тобы енді Аминаның уақытына қарай икемделетін болады.

Анасының айтуынша, сабақ - бірінші орында.
null

null

Өмірдегі Амина өте сезімтал қыз, қарапайым оқушы. Тіпті Инстаграмда қанша жазылушысы барын да білмейді, комменттерді оқымайды. Ата-анасы балаларға планшет, смартфон, түрлі гаджеттерді қарауға тыйым салған.
null

«Қызым мектепке барғалы анда-санда теледидардан мультфильм  ғана көрсетеміз. Өйткені сабағын орындау керек, уақытымыз жетпейді. Ал Адияның көзінде проблема бар. Кейде ғана өздерінің Ютубтағы каналын көреді», - деді анасы Арай.
null

Камерадан тыс Амина әдеттегі 6 жастағы бүлдіршін. Балармен дос болғанды жақсы көреді. Сіңлілерін қарайды, көмектеседі. Бірге ұйықтайды. Сурет салғанды, көшеде ойнағанды, ролик тепкенді ұнатады. Интернетті қу, бұзақы Амина тек қана образдан туған.

Болашақта Амина актриса болғысы келеді. Осы мақсатына ақырындап жетіп те қалды.

Анасының айтуынша, бұрын вайн түсіруге анасы режиссер болса, енді ақырындап өзінің де ойы қалыптасып келеді.

«Біз түсірген вайндардың барлығы өмірден алынған. Мәселен, интернетті жарған «сіңлімнен планшетті қалай тартып алуға болады?» деген қызық ролик өздерінің бастарынан өткен жағдай. Отбасымызда түрлі қызықты жағдайларды осылай инстаграм арқылы сақтап жүрміз. Кейде сол қызықты роликтер ватсап арқылы өзімізге қайтып келеді», - деді анасы Арай. 
null

 

Соңғы жаңалықтар