Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Instagram  әлеуметтік желісінде «Елбасының бір күні» атты видео орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің телерадиокешені дайындаған бір минутқа жуық видео-жинақта 2017 жылдың 3 сәуірі күнгі оқиғалар көрсетілген - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге ресми сапары, Әзербайжан мемлекетінің басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуі және Ақтауға жұмыс сапары.

Еске салайық, 3 сәуір күні Бакуге ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев «Загульба» резиденциясында қабылдады . Осы күні екі елдің үкіметтері арасында түрлі салалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды .

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынасты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталды . 

Ал күннің екінші жартысында Елбасы Ақтауда жуырда ғана салынған «Маңғыстау Арена» көпбейінді спорт кешенінде болды . Онда ол облыс спортшыларымен және жастармен жүздесті.

Сондай-ақ 3 сәуір күні Мемлекет басшысы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізетін Қаулыға қол қойды .

Публикация от AkordaPress (@akordapress) Апр 6 2017 в 8:01 PDT

Соңғы жаңалықтар