Instagram өз қолданушыларының рухани ахуалын бақылайтын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram-да «қиын кезеңдерді бастан өткеруде» тетігі пайда болды, деп хабарлайды Росбалт.

Қолданушылар Instagram-ға жасырын түрде жазылушылардың бірі күйзелісте жүргенін және өзіне зардап тигізетін әрекетке баруы ықтимал екенін хабарлай алады. Әлеуметтік желінің әкімшілері тез арада оған көмек ұсынады: «шұғыл желі» қызметкерлеріне хабарласу, досымен сөйлесу немесе Instagram қызметкерлерінен кеңес алу.

Аталған әлеуметтік желінің атқарушы директоры Марн Левиннің айтуынша, жаңа тетікті құрастыру кезінде олар адамның психикалық саулығын зерттейтін сала мамандарымен ақылдасқан.

Соңғы жаңалықтар