Instagram - адам психикасына кері әсер ететін әлеуметтік желі

None
None
Британдық әлеуметтік желіні пайдаланушылар Instagram-ды адам психикасына кері әсер ететін әлеуметтік желі деп бағалаған. Бұл Британияда жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды, деп жазады bbc.com сайты.

Корольдіктің денсаулық сақтау қоғамы жүргізген зерттеуге 14-24 жастағы 1479 адам қатысқан. Олар ең танымал бес әлеуметтік желі пайдаланушыларының психикасына зияны бойынша сауалнамаға жауап берді. Зерттеуге YouTube, Instagram, Snapchat, Facebook және Twitter әлеуметтік желілері таңдалған.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес жастарға YouTube, Twitter мен Facebook оң әсер етсе, Instagram желісі керсінше британ жастарының күйзеліске түсуіне әсер еткен.

Бұл ретте зерттеушілер әлеуметтік желіні шамадан тыс мақсатсыз пайдалану жастардың психикасымен байланысты проблемаларды ушықтырады деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар