Инспектор телефонына мың теңге аударған сотталушыға 481 мың теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті инспекторының ұялы телефонына бірлік аударған адамға жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен хабарланды. .

«Атырау қаласында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Ф.Мұхамбетованың ұялы телефонына осы инспектордың бақылауындағы сотталған М.Қазиев 1 000 теңге бірлік аударған.

Аталған факті бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті М.Қазиевке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша (Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi)әкімшілік хаттама толтырып, сотқа қарауға жолданды.

М.Қазиевке Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 481 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

  

  

Соңғы жаңалықтар