Ингушетияның тұңғыш президенті Аушев Қазақстанға жер аударылған кездерді еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетау облысында туған Ингушетияның тұңғыш президенті Руслан Аушев Қазақстанға жер аударылған кездерді еске алды.

«Шешен-ингуш xалқын депортациялау кезі бізге өте ауыр тигені рас. Бірақ қонақжай қазақ xалқы, өздері бір түйір нанды бөлісіп отырса да, барын берді. Біз оны еш естен шығармаймыз. Оны біздің балаларымыз да, немерелеріміз де біледі, алдағы ұрпақтар да жадында сақтап қалады. Қазақстан біз үшін туған жерімізге айналды. Қазіргі уақытта Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан тегеурінді мемлекетке айналды. 80-90 жылдардағы Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Мен Астанада да, Алматыда да жиі боламын. Осы 25 жыл ішінде Қазақстан қатты өзгерді. Экономикасы қарыштай түсті», - деп атап өтті ол Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан xалқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» фестивалінде.
Сонымен қатар Аушев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосқан Назарбаевтың ерен еңбегін жоғары бағалады.

«Әрине, ең үлкен еңбек Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісінде. Қиын заманда барша xалықты жұмылдырып, тұтас елдің басқаруын өз мойнына алды. 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінде ұлтаралық араздығы жоқ ел жоқ еді. Халық пен этностар арасында қанды қақтығыстар орын алып жатты. Бірақ бір шаңырақта ұлт пен ұлыстарды бәрінен көп топтастырған Қазақстанда бейбітшілік болды. Осы 25 жылды тату-тәтті өмір кешкен Қазақстан xалқы бақытты уақытты бастан өткерді. Қазақстанды барша әлем біледі, оған сенеді, оның Көшбасшысына сенеді. Нұрсұлтан Әбішұлы қолға алып отырған істерінің тағы бір үлкен миссиясы - ықпалдастық. Назарбаев ТМД елдерін қызғыштай қорғап келе жатқан 29-шы панфиловшы деп бекер айтпайды», - деді Аушев.

Соңғы жаңалықтар