Ингушетияның бұрынғы президенті СҚО-дағы мектепке автобус сыйлады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Айыртау ауданында Саумалкөл ауылының тумасы, Ингушетия Республикасының тұңғыш президенті Руслан Аушевпен кездесу өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Саумалкөлде Руслан Аушев Қарасай мен Ағынтай батыр мемориалдық кешеніне, Ұлы Отан соғысында қазақ тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ аудандағы орта мектепке бас сұғып, білім ордасына шағын автобустың кілтін табыс етті.
null

Аушевтар отбасы тұрған үйге ескерткіш тақтай орнатылды.

«Мен Қазақстанға көп келдім. Бірақ өкінішке орай, туған жеріме жолым түспеген еді. Бұл елді-мекеннің қалай тұрып жатқаны маған өте қызық болды. Маған ата-анам өмір сүрген жер ештеме жоқ жазық дала сияқты елестейтін. Бірақ бұл жер өте әдемі - ормандар, тоғандар өсіпті. Бұл жердің табиғаты ғажайып деп ойламаппын! Қымбатты жерлестер, мен өз Отанымды ешқашан ұмытпаймын!», - деді Руслан Аушев.

null

Соңғы жаңалықтар