Ингушетияда Әзербайжан азаматтары мінген шағын автобус аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіге қараған түні Ингушетияда шағын автобус аударылды, деп хабарлайды ТАСС РФ ТЖМ Оңтүстік өңірлік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобуста Әзербайжан азаматтары болған.

«Кавказ» федералдық автожолының 565-ші шақырымында, Назрань қаласының маңында Грозный - Владикавказ бағытымен бара жатқан Mercedes маркалы шағын автобус аударылды. Шағын автобуста жүргізушісімен қосқанда жеті адам болған. Соның төртеуі ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташа», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Жолаушылардың барлығы да шетел азаматтары болғаны және ауруханаға жеткізілгендердің арасында шетелдіктердің бар-жоқтығы туралы әзірше нақты мәлімет жоқ.

Ингушетия денсаулық сақтау министрі Марем Арапханова зардап шеккендердің екеуі ауруханадан шығарылғанын айтты. «Шығарылғандарға амбулаториялық көмек көрсетілді, қалған екеуі ауруханада. Олардың жарақаты жеңіл», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар