Индустрияландыру: Жамбылда жылына 30 млн дана кірпіш шығаратын зауыт бар

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы құрылыс индустриясы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Елдің жаңа индустриялануы: қазақстандық барыстың  қадамы» жалпы ұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25 индустриялды нысан қатарында Жамбыл облысындағы гранит, мәрмәр және гипс өңдейтін және өндіретін «Оргстрой» ЖШС-ін іске қосқан болатын. Кәсіпорын блок қазбаларының жарылысынсыз  жаңа технологиялар бойынша гранит өндіру ісін жетілдірді.

Жоба құны 1,7 млрд теңге, жобалық қуаттылығы гранитті блоктың 20 мың текше метрін және 500 мың шаршы метр гранит өнімін  құрайды. Өнім Қазақстаннан бөлек Ресей және ТМД елдеріне шығарылмақ. Құрылыс кезінде 210, пайдалануға берілгеннен кейін  150 тұрақты жұмыс орыны құрылды.

Облыстық әкімдік мәліметінше, қазіргі таңдағы Жамбыл облысының өнеркәсіп саласындағы экономика өсімінің негізгі тетіктері химиялық, металлургиялық,  тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы болып отыр.

Соңғы жылдары аймақтың құрылыс индустриясындағы өндіріс көлемі айтарлықтай өсті. Бұған 2005-2014 жылдарға қабылданған құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағдарламасы мүмкіндік туғызды.

Осы бағдарлама аясында қуаттылығы жылына 30 млн дана кірпіш шығаратын  («Құрылыс - КСМ» ЖШС), қуаттылығы жылына 9,4 мың текше метр темірбетонды бұйымдар өндіретін («Керамик-Инвест» ЖШС) зауыттар пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта жұмысын жүргізіп жатыр.

«Жамбылгипс» ЖАҚ-ында заманауи құрылыс өнімдері өндірісі игерілді - гипсополимер, кафель желімі және қуаттылығы жылына 8 мың тоннаға жететін құрылыс гипсі, «Құрылыс конструкцияларының зауыты» ЖШС металды конструкциялар мен технологиялық құбыр желілері тораптарын дайындаумен айналысады. Қаратау қаласында цемент зауыты жұмыс істейді («Оңтүстік-Цемент» ЖШС). Қордай ауданында әк зауыты  («ССТ» ЖШС) мен лак және бояу шығару цехы іске қосылды.

Қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы саласында екі ірі цемент зауыты жұмыс істеп тұр. Олар Мыңарал (2016 жылы - 16,5 млрд теңгеге 1,3 млн тонна цемент өндірілді) және Хантау (1,6 млрд теңгеге 232 мың тонна) зауыттары. Мыңарал цементі  халықаралық Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралінің құрылысына пайдаланылды.

Сондай-ақ, гипс өндіру бойынша табысты кәсіпорындар қатарында «Жамбылгипс» (20116 жылы 694,3 млн теңгеге 26,5 мың тонна гипс) және «Ақтас» (1,9 млрд теңгеге 705 мың тонна әктас) бар. Неміс технологиясымен материалдар шығаратын «Бином Строй Деталь» ЖШС үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Бұл комбинат өнімдерінің қолжетімді бағада болуымен және сейсмикалық жағдайларға төзімділігімен ерекшеленеді. 

Соңғы жаңалықтар