Индустрияландыру күні. 1 000 кәсіпорынның күші қалай бағаланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі индустрияландыру 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында елімізде бұған дейін өндірілмеген өнімдердің жүздеген түрін шығарып, жүз мыңдаған жұмыс орындарын қалыптастыратын мыңдаған кәсіпорын ашылды.

Индустрияландыру күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандарды индустрияландырудың дамуы кезіндегі жаңалықтармен таныстырады.

Ең алдымен 2003 жылы Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы қабылданған уақытқа шегініс жасалық. Елімізде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған институттары құрылды. Олар  - «Ұлттық қор», «Қазақстан даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор». Негізгі басымдылық кәсіпкерлік қызмет пен жаңа өндіріс орындарын құруды ынталандыруға берілді.

Жоғары бағаның шикізатқа ықпалы және экономикадағы құрылымдық өзгерістер өңдеу өнеркәсібінің дамуына кедергі келтірді. Әлемдік қаржылық дағдарыс шикізаттық дамуы моделінің тұрақсыздығын көрсетті. Осы сын-қатерлерге жауап ретінде 2009 жылдың мамыр айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың бесжылдығы басталғанын жариялады. Шикізаттық дамудың орнына Қазақстан белсенді шешімдер жолын таңдап, инвестиция үшін қолайлы өңдеу өнеркәсібін қалыптастыра алды. 2010 жылдан бері өңдеу секторына 26 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды. Тікелей шетелдік инвестициялардың әрбір бесінші доллары өңдеу саласына жұмсалды. Бүгінгі таңда қазақстандық өнім 112 елге экспортталады, 5,5 трлн теңгеге 1 080 жоба жасалды, 101 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды. Жанармай-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі жоғарылады. Индустрияландыру жылдарында Қазақстан экономикасындағы энергияның жұмсалуы 15 пайызға дейін төмендеді.

Индустриялық үлгінің мөлшерлемесі Қазақстанның әлемдік даңдарыстың жаңа толқыны сынағынан өтуіне мүмкіндік берді. Серпілістің арқасында Қазақстан ЖІӨ-ні үш есеге арттырды - 2009 жылғы деңгейге сәйкес - 17-ден 46,9 трлн теңгеге, өнеркәсіп екі еседен астам артты (9,1-ден 19 трлн теңгеге), өңдеуші кәсіпорындар саны 188,8-ден 236,1 мыңға артты, инновациялық өнім өндірісі бес есеге артты - 82,6-дан 445,8 млрд теңгеге жетті.

2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тарихи кезең қарсаңында мемлекет құрылысының келесі кезеңін бастады. Елбасының «5 институционалдық реформасы» - бұл ең күрделі сындардан өту, ал «Ұлт жоспары «100 нақты қадам» - әр қазақстандықтың ортақ іске қосар үлесі. Ұлт көшбасшысы жаһандық бәсекелестіктің күшейіп келе жатқанын болжады, Назарбаев ұлттық экономика модернизациясының үшінші кезеңін бастады.  

2017 жыл - Қазақстандағы ірі өзгерістер жылы
2017 жылы Қазақстанда ірі өзгерістер жасалды. Ел көз алдымызда өзгерді: конституциялық реформа жүргізілді, қоғамдық сананы жаңғырту мен 2050-стратегиясының мақсаттарын қарсы алуға сенімді көпір болған Қазақстанның үшінші жаңғыртуын дамыту жүзеге асырылды. Бағдарлама «100 нақты қадам» ұлт жоспарына негізделген.

Бұл міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін үкімет ерекше құрал «жобалық басқаруды» қолданды. Ол негізгі алты қағидадан тұрды: мақсат пен тапсырмаларды білу, нәтижеге жұмыс істеу, ресурстарды оңтайлы пайдалану, алыстағыны алдын ала көру, шығындардың ашықтығы және тәуекелдерді басқару.

Жобалық басқарудың негізгі мақсаты - экономикалық өсім қарқынын жылдамдату үшін қосымша шаралар қабылдау. Осылайша, жоспарланған экономика өсімінің қарқынын +2,5-3%-ға жылдамдату және оның құрылымын сапалы өзгерту.

Үшінші жаңғыртуды сәтті жүзеге асырудың негізгі бес мақсаттық көрсеткіші анықталды. Осылайша, 2017-2021 жылдары 4,9% деңгейіне шығу жоспарланып отыр. 2021 жылдан бастап ЖІӨ-нің нақты өсімін 5,5-6% арттыру және 2025 жылға дейін сол деңгейде сақтап тұру жоспарланып отыр.

Орташа жылдық еңбек өнімділігінің өсу қарқынын 2017-2021 жылдары 4,3% деңгейге, 2022-2025 жылдары жыл сайын 5,4%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

640 мың жаңа жоғары өндірісті жұмыс орындары құрылып, инвестиция өсімін баяу арттыра отырып, орташа жылдық қарқын қамтамасыз етілетін болады: 2017-2021 жылдары жылдық орташа өсу қарқыны жылына - 6,4%, 2022-2025 жылдары жыл сайын - 8,6%. Бұл мақсаттарға жету үшін Үкімет 2017 жылы барлық бағыттар бойынша жұмыстар көлемін күшейтті.  

Отын-энергетикалық кешен. Полипропилен өндірісі бойынша зауыт құрылысына Қытайдың мемлекеттік даму банкімен 2 млн АҚШ доллары болатын несиелік келісім бекітілді. Жобаға қатысу үшін әлемдегі ірі полиэтилен өндірушілердің бірі - «Borealis» компаниясының келісімі алынды.

Өңдеу өнеркәсібі және тау-кен саласы. 1949,2 млрд теңге сомасына 20 жаңа жоғары технологиялы экспорт өндірістерін жүзеге асыру басталды.

Агроөнеркәсіптік кешен. 684 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 11 кәсіпорын тұрғызылды және жаңғыртылды. Астанада, Алматыда және Шымкентте үш көтерме-логистикалық орталық іске қосылды.

Транспорт және логистика. Ірі тонналық контейнерлерді тасымалдауға қажетті 1995 жалғамалы платформаларды сату және сатып алудың үшжақты келісімі бекітілді. ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде ҚХР-дан транзиттік әуе жолаушылары үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді. Нәтижесінде 4 389 транзиттік жолаушы осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанға келу мүмкіндігіне ие болды.

Әлеуметтік сала. 2017 жылы бұл салаға баса назар аударылды. Дені сау ұлтсыз экономиканы сауықтыру мүмкін емес. Медициналық қызмет нарығын либеризациялау мен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында тексеру парақтарындағы санитарлық талаптар 6,3 есеге (11 мыңнан 1 740-қа дейін) азайды. Бизнесті тексеру саны 1,7 есеге қысқарды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 93 инвестициялық жобасынан пул қалыптасты және оның 31 жобасы бойынша 18,5 млрд теңгеге келісімдер жасалды. Білім беру және WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша техникалық-кәсіптік оқытуда кадр даярлау жүйесінде 22 жаңа бағдарлама енгізілді. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімде оқытудың модульдік бағдарламалары жасалды. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 13 мың адам оқытылды. 443 колледж қосарлы білім беру технологиясына көшті.  

Туризм - экономиканың жаңа саласы. Мұнда «Kazakh Tоurism» ҰК» АҚ және «Жол жиегіндегі қызмет көрсету қауымдастығы» құрылды, Қазақстанның киелі жерлері картасы жасалды. Оған 500-ден астам нысан еніп, «Kazakhstan Travel» сайты құрылды.  

Шағын және орта бизнес. Кәсіпкерлік қызметті қайта реттеу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Құжат 13 кодекс пен 103 заңға мыңнан астам түзетулер енгізуді көздейді. 30 497 талаптың 17 654-і (57%) оңтайландырылды және қысқартылды. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалаудың 137 қызметі жойылды.  

Қаржылық тұрақтылық. Салық кодексі мен оған ілеспе заңдар жобасы әзірленді. Сондай-ақ, кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мақсатында «Астана-1» ақпараттық жүйесінің пилоттық жүйесі іске қосылды.  

Цифрландыру. Экономиканың өңдеу мен тау-кен салаларындағы 500 кәсіпорынның Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге дайындығы тексерілді. Осылайша, жобалық басқарудың барлық бағыттары бойынша қабылданған шаралардың арқасында 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. Өнеркәсіп, сауда, көлік, ақпарат және байланыс салаларында өсім динамикасы байқалады. Әсіресе, өнеркәсіп саласындағы өсім 7,5%-ды көрсеткен. Ауыл шаруашылығындағы өсім - 2,1%, көлік қызметіндегі өсім - 4,7%, байланыс - 3,2%, сауда - 3%.

2017 жылы 10 мың қазақстандыққа жұмыс

2017 жыл - индустрияландырудың екінші бесжылдығының үшінші жылы және 2015 пен 2016 жылдардағы баяулаудан кейін экономикалық өсімді қалпына келтірудің алғашқы жылы. Екінші бесжылдықтың басталуы әлемдік экономикадағы күрделі мәселелердің көбеюімен тұспа-тұс келді, бірақ Қазақстан экономикасы төтеп бере алды және мемлекеттің бар күші өңдеу өнеркәсібіндегі маңызды салаларға - металлургия, химиялық өнеркәсіп, мұнай өңдеу, машина құрастыру және азық-түлік өнімдерін өндіруге жұмсалды. Екінші бесжылдықтағы басты бағыт экспорт өсімі мен еңбек өнімділігі болды. Биыл жалпы құны 1,9 мрлн теңге болатын 127 жоба енгізілді, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Инвестициялық және экспорттық стратегиялар қабылданды.

2017 жылы өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Осылайша, 2016 жылғы құлдыраудан кейін 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі өсті, бұл саладағы әрбір жұмысшы орта есеппен 3,6 мың долларға көбірек өндіретін болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық өнімді экспорттық тасымалдау да өсіп келеді. 2016 жылы шамамен 8%-дық қысқартудан кейін 2017 жылдың алғашқы 8 айы бойынша, бұл көрсеткіш 23%-ға өсті. Сатылым географиясы әлемнің 112 елін қамтыды.

Соңғы жаңалықтар