Индустрияландыру картасына енген жобалар айына 160 млрд. теңгенің өнімін шығарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасына енген жобалар айына 160 млрд. теңгенің өнімін шығарады. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен хабарлады.

Ведомство ақпаратына қарағанда, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 трлн. теңге сомасына 936 жоба іске қосылып, 89 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Тек ағымдағы ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында ғана Индустрияландыру картасына сомасы 152 млрд. теңге болатын 38 жоба енгізіліп, 3,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

«Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған мерзімнен бастап іске қосылған жобалар  бойынша сомасы 7 трлн. теңге болатын өнім өндірілді. Оның 1,3 трлн. теңгесі 2016 жылдың 8 айына тиесілі. Орташа есеппен Карта жобалары ай сайын шамамен  160 млрд. теңгенің өнімін өндіреді», - делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар министрлік ақпаратына сәйкес, 2015 жылғы ІЖӨ-нің үштен бір бөлігі Индустрияландыру картасы жобалары есебінен алынған. Мұнан бөлек, 2010-2015 жылдар ішінде Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жобалардың экспорт өнімдерінің көлемі 1,5 трлн. теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар