Индустрияландыру картасы: Ақмола облысында 74 жоба пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 160,5 миллиард теңге 74 жоба пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребиннің айтуынша, соңғы жеті жылда іске қосылған жобалар өңірде 7 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«Өңірде 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына 90 жоба енгізіліп отыр. Оның ішінде екі жоба «Қазатомөнеркәсіптің біріккен күкіртқышқылы зауыты» және «Масалы тау кен комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері республикалық Индустрияландыру картасына қосылған», - дейді Александр Загребин.

Жалпы, Индустрияландыру ауыл шаруашылығы, құрылыс, тау-кен, химия, жеңіл өнеркәсіп, тағам, фармацевтика, машина құрылысы, энергетика және мұнай өндеу тәрізді он кезең бойынша жүзеге асырылуда.  Биылғы жылы облыс кәсіпорындарымен құны 250,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар