Индустрияландыру картасы: 250 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылды - Мәлік Мырзалин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде  барлығы 250 млрд астам теңгенің жобасы жүзеге асырылды. 

Бұл туралы Мемлекет басшысының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланған облыс активінде Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының сөзінше, Жолдаудың басты идеясы даму сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне көтеруге бағытталған. Жаңа экономикалық саясаттың басымдықтары экономиканың барлық салаларының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін цифрландыру үрдісін кеңейтуді көздейді.

"Жолдауда алға қойылған Президенттік тапсырмалардың барлығы да өзектілігімен ерекшеленеді. Біздің облысымызда Индустрияландыру бағдарламасы нәтижелі түрде іске асырылуда. Бағдарлама аясында жалпы құны 250 миллиард теңгеден асатын 79 жоба жүзеге асырылды. Осы уақыт аралығында 8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Қолға алынған жобалардың барлығы өңдеу кәсіпорындарын дамытуға бағытталса, мұндағы 41 жоба  жоғары қосымша құнға негізделген өнімдер, 26 жоба экспорттық мақсаттағы тауарлар шығаруды қамтамасыз етті", -  деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, ол Индустрияландыру Картасы шеңберінде іске қосылған нысандардан бюджетке 35 миллиард теңгеден астам қаржы құйылғанын атап өтті. Бұл салық аударымдарының жалпы көлемінің үштен бірін құрайды.

"Өнеркәсіп өндірісі құрылымында облыс топ жарып келеді. Атап айтқанда, республика бойынша қайта өңдеу саласының үлесі 40 пайыз болса, бұл көрсеткіш облыста екі есе өсіп, 80 пайызға жетті.

Біздің алдымызда өнеркәсіп өндірісін одан әрі жаңғырту, цифрлық технологияны қолдану және 2018 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Бұл орайда кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аймақтардың әкімдері өнімді қайта өңдеу секторы мен экспортқа бағытталған өндірісті одан әрі дамытуды қамтамасыз етуі қажет", * деді Мырзалин.

Соңғы жаңалықтар