Индонезияда жанартау атқылады, 400-ге жуық турист іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда жанартаудың атқылауы салдарынан бір мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Бұл туралы «РИА Жаңалықтар» хабарлады.

Индонезия билігі Баруджари жанартауы атқылай бастағаннан кейін Ломбок аралының тұрғындарын эвакуациялауға көшті. Төтенше жағдай аумағында сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған 400-ге жуық турист іздестірілуде. Олар табиғи апат басталған уақытта тау бөктерінде жүрген.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, атқылаған күлдің биіктігі 2000 метрді құрады. Билік өкілдері Ломбок және Бали аралдарындағы әуе қатынастарын тоқтатуға мәжбүр болды. 

Соңғы жаңалықтар