Индонезияда үкімет ғимаратында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Бандунг қаласында жарылыс болды, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

«Біз қазір үкімет ғимаратындамыз. Адамдардан бомба жарылғаны туралы ақпарат түсті», - деп хабарлады полиция өкілі.

Агенттіктің деректеріне сәйкес жарылыстан кейін ғимаратта шабуылдаушылар мен күш құрылымдары арасында атыс басталған. Құрбандар жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Кейіннен полиция қызмектерлері шабуылдаушыны ұстағаны жайлы ақпарат тарады.

Өткен жылғы желтоқсанда полицейлер Индонезия президенті сарайының алдында лаңкестіктің алдын алған болатын. Онда қарауыл ауысатын уақытта бомба жаруды жоспарлаған үш адам ұсталған.

Соңғы жаңалықтар