Индонезияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Ява аралында 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзаладан зардап шекендер мен жарақат алғандар бар, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы Индонезияның табиғи апатты болдырмау жөніндегі агенттігінің өкілі Сутопо Нугрохо айтқан.

«Ява аралындағы Чиамис округінде үйлер қирады. Мерт болғандар мен зардап шеккендер бар. Цунами болу мүмкін деп қауіптенген тұрғындар тауға көтеріліп жатыр», - деп жазады билік өкілі Twitter -дегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар