Индонезияда 400 турист жоғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия билігі Баруджари жанартау оянып салдарынан жоғалған 400-ге жуық шетелдік турист іздестіруде, деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Қазір 389 турист іздестірілуде. Олардың көбі шетелдіктер. Қауіпті жерден эвакуациялау үшін билік жоғалғандарды іздеп жатыр.

Туристер тауға шығуды жоспарлағаны аталып өтілді. Жанартау атқылаған соң шамамен 1 100 адам эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, Баруджари вулканы (Ринджани жанартау жүйесі)  27 қыркүйекте атқылай бастады. Индонезиядағы Ринджани - әлем бойынша биіктегі екінші жанартау. Ол теңіз деңгейінен 3 726 метрде орналасқан, ол биіктігі бойынша Суматрадағы  Керинчиден (3 800 м) кейін тұр.  

Соңғы жаңалықтар