Индонезия компаниялары Қазақстанның тау-кен саласына инвестиция салмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия компаниялары Қазақстанның тау-кен саласына инвестиция салуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген аталған елдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Рахмат Прамоно мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеке секторда индонезиялық екі компания Қазақстанның фрамацевтика мен тау-кен саласына инвестиция салуды жоспарлап отыр», - деді Индонезия Елшісі.

Рахмат Прамоно өз сөзінде екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқандығын және өте жоғары деңгейде екендігін баса айтқан болатын. Мұнан бөлек, ол Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынасты одан ары дамытып, нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтындығын атап өткен еді.

Айта кетерлігі, Индонезия Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Қазақстан Президенті Астана мен Джакарта арасындағы саяси, халықаралық мәселелердегі  көзқарас бірдейлігін, екі мемлекеттің сауда-экономикалық қарым-қатынастарының әлеуеті жоғары екендігін, бұл саладағы ықпалдастықты дамытуда екі ел үкіметтерінің белсене қызмет атқаруы тиістігін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар