«Indian Tigers»-ке қарсы айқас: «Астана арландары» алдын ала жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында өтіп жатқан «Astana Arlans» - «Indian Tigers» командалары арасындағы кездесуде қазақстандық команда алдын ала жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Дүниежүзілік бокс сериясының VIII маусымы аясындағы бокс кешінде осы уақытқа дейін үш жекпе-жек өтті.

Бірінші болып шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов қарсыласы Дахья Анкушті ұпай санымен ұтты. Боксшылар 60 келіге дейінгі салмақта белдесті. 

Ал екінші айқаста Бекболат Құрамысов (69 келі) үндістандық қарсыласынан басым түсті. Неги Дуриодхан Сингх қабағынан жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз таныды.

Ал 81 келіге дейінгі салмақ санатында өткен үшінші кездесуде Нұрдәулет Жарманов Ядава Бриешаны жеңді - 2:1 (49:46, 49:46, 47:48).

Осылайша, «Астана арландары» 3:0 есебімен үндістандық қарсыластарын алдын ала жеңіп отыр.

Енді рингке Ақниет Балтабаев - Кавиндер Бишт (52 кг) және Нұрсұлтан Аманжолов - Парвеен Кумар (+91 кг) шығады.  

 

 

Соңғы жаңалықтар