«Indian Tigers» - «Astana Arlans» матчының құрамы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурыз күні Дүниежүзілік бокс сериясының матчында (WSB) айқасатын қазақстандық «Astana Arlans» пен үндістанның «Indian Tigers» клубтарының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

WSB матчы Үндістанның Рохтака  қаласында өтеді.

«Indian Tigers» - «Astana Arlans» құрамы:

49 кг. Шиам Кумар Какара (Үндістан) - Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)

56 кг. Эташ Хан Мухаммед (Үндістан) - Нұрсұлтан Көшеғұлов (Қазақстан)

64 кг. Дхеерай (Үндістан)  - Ділмұрат Мижитов (Қазақстан)

75 кг. Ашиш Кумар (Үндістан)  - Әбілхан Аманқұлов (Қазақстан)

91 кг. Санджет Санджет (Үндістан)  - Әбілқайыр Тұрланбек (Қазақстан).

Еске салайық, «Astana Arlans» Санкт-Петербургте өткен Бүкіләлемдік бокс сериясы маусымының үшінші матчтық кездесуінде  ресейлік «Patriot Boxing Team» командасынан 0:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар