Иманғали Тасмағамбетов халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен наградталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісін Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин табыс етті.

«Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен бауырлас Қазақстанның елшісі осы марапатқа елдеріміз арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастарды дамытуға, мәдени диалогты тереңдетуге, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастыққа сіңірген еңбегі үшін лайық деп танылды», - делінген сайтта.

Соңғы жаңалықтар