ИМ тобы Пәкістандағы шабуылға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Пәкістанның батысындағы Кветта қаласында орналасқан полицейлік училищеге жасаған шабуылды өз жауапкершілігіне алды. Шабуыл кезінде 59 адам қаза тапты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Дүйсенбі күні кешке училище шабуылға ұшырады: қаруланған адамдар тобы автоматтан оқ жаудыра жүгіріп, оқу орталығының аумағына, содан кейін жатақхана ғимаратына баса-көктеп кірді.

Бастапқыда шабуыл жасаушылардың саны бес-алтау болды деп хабарланды. Кейінірек белгілі болғандай, оның үшеуі жарылғыш затқа толтырылған шахидтер белбеуін тағынған екен.  

Атыстың ең басында ғимараттан шығып, құтылып үлгерген курсанттардың бірі: «Олар автоматтарынан оқ жаудыра бізге қарай атылды. Біз төбеге қарай қашып, артқы алаңға қарай секірдік. Осылайша аман қалдық» деді Geo телекомпаниясына.

Пәкістанның шекаралық корпусының арнайы жасағы шахид белбеуіндегі үш лаңкестің біреуін ол өзін жарып үлгермейінше атып түсірген.

Жарақаттанған жүздеген адам Кветта ауруханаларына жеткізілді. Көп кешікпей, училищеге арнайы жасақтың тұрақты әскердің үлкен күші тартылды. Алайда, атыс-шабыс екі сағаттан көп уақытқа жалғасты.

«Екі лаңкес өздерін жатақханада жарып жіберді. Курсанттар арасындағы құрбандардың көптігі осымен түсіндіріледі», - дейді Пәкістанның шекара корпусының генерал-майоры Шер Афган.

Бомбаны іске қосып үлгермеген үшінші лаңкесті ғимаратқа оқ атқан арнайы қызмет жауынгерлері атып түсірді.  

Соңғы жаңалықтар