Илон Маск адамдарды Марсқа ұшыратын зымыран туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Twitter-дегі парақшасында Falcon Heavy зымыранын қаңтар айында ғарышқа ұшырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. 

Аса ауыр зымырандар типіне жататын ғарыш кемесі кезінде Айды бағындырған «Аполлон-11» миссиясына старт берілген Канаверал мүйісінен Дэвид Боуидің «Space Oddity» («Ғарыштағы ғажап оқиға») әнінің сүйемелдеуімен ұшырылады.

Зымыран Марс орбитасына шығарылуы тиіс. Бизнесмен өнертапқыш зымыран миллиард жылдар бойы ғарышта самғап жүреді деп үміттеніп отыр.

Илон Масктың идеясы бойынша, адамдарды Марсқа дәл осы Falcon Heavy жеткізуі мүмкін. Зымыранға дәл қай күні старт берілетіні туралы әзірге ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар