Илья Ильин допинг дауы туралы: Не болып жатқанын өзім түсінер емеспін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ХОК шешімі бойынша ағзасында табылған станозолол туралы ойын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Станозолол туралы... Мен не болып жатқанын өзім де түсінер емеспін. Ресми нұсқа бойынша(...) Біз әртүрлі спорттық тағамдарды қабылдаймыз.Бәлкім, мәселенің бәрі осында болар. Көп уақыт өтті. Сұрақтар өте көп. Жауабын білсем, қуана-қуана жауап берер едім. Бірақ, жауап бере алмаймын», - деді Илья Ильин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спортшы «Алексей Ни біліп, ал сіз станозололды қабылдап жүргеніңізді білмеуіңіз мүмкін бе еді» деген сұраққа жауап берді.

«Жоқ. Мен станозолол туралы біреу білді немесе екінші адам білмеді деп айта алмаймын. Өкінішке қарай, бәрі осылай айналды. Екі жылға шеттетілдім. Демек, бірдеңе болды. Тапты. Енді не істей аласың.Алға жылжу керек», - дейді Илья Ильин.

Еске сала кетсек, Халықаралық олимпиада комитеті екі дүркін олимпиада чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді  Бейжіңдегі және Лондондағы алтын медальдарынан айыру туралы шешім шығарған болатын. ХОК-тың тәртіп комиссиясының шешіміне сәйкес «А» және «В» допинг сынамасыныңқорытындысы бойынша екі жазғы Олимиада ойындарында чемпион атанған қазақстандық спортшы Илья Ильиннің бұған дейінгі көрсеткіштері жойылған еді.

Соңғы жаңалықтар