ІІМ ломбард қызметін жеке заңнамалық актімен регламенттеуді ұсынады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздегі ломбардтардың қызметін жеке заңнамалық актілермен регламенттеуді ұсынады. Бұл жайында ҚР ІІМ Ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің директоры Алмас Сәдубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ішкі істер министрлігі ломбардтардың қызметін жеке заңнамалық актілермен регламенттеуді ұсынады. Сараптама көрсетіп отырғандай, жылдан жылға ұрланған мүліктерді ломбардқа тапсыру фактілері артып келеді. Мәселен, 2006 жылы 82, ал 2016 жылы шамамен 500 факті тіркелді және бұл ашылған қылмыстық істер бойынша ғана мәліметтер», - деп жазды ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде ломбардтардың қызметі лицензияланбайды және бірде-бір мемлекеттік орган тарабынан бақыланбайды. Сонымен қатар елімізде қандай да бір ломбардтар қауымдастығы да жоқ.

«Шет елдерде ломбардтардың қызметі заңмен тыңғылықты регламенттеледі. Онда полицияға мәміле туралы ақпаратты, кейіннен сатып алусыз құнды мүлкін кепілге өткізген тұлғаның видео түсірілімін ұсыну міндеттері қарастырылған», -  деді Алмас Сәдубаев.

Соңғы жаңалықтар