ІІМ басшысы Астанада жаңа бейнебақылау жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елорда әкімдігінде 2017 жылдағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы міндеттерді Астана қаласы Ішкі істер департаментінің іске асыруы бойынша кеңес өткізілді.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен өткен кеңес жұмысына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов, ІІД, Жергілікті полиция қызметінің басшы құрамы, Ұлттық ұлан бөліністері, Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, сондай-ақ аудандық ішкі істер басқармалары және елорданың жергілікті полиция бөліністері қатысты.

Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Марат Қожаев өз баяндамасында елордалық департаменттің өткен жылдағы қызметі туралы хабарлап, жыл бойы қабылданған шаралар қаладағы жедел жағдайға   тұтастай бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Министр кеңесте заңның үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін  елордалық ІІД қызметі Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» айқындалған міндеттерді іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс деп көрсетті.

Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов елорда полициясы қызметінің сандық инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және әкімдікпен бірлесіп қоғамдық орындарда және қала көшелерінде зияткерлік бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті. 

 Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа ауыстыру процесін жалғастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаев өз баяндамасында мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуды автоматтандыру және сандық жүйеге келтіру шеңберінде ХҚКО автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемкорпорациясымен бірге «Көші-қон қызметі орталығының» жұмысы іске қосылған. Онда еңбек иммигранттарына рұқсат беруге жұмылдырылған барлық құрылымдар бір жерде орналастырылған.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өз сөзінде «қауіпсіздік» кез келген қаланың, әсіресе елорда тіршілігінің сапасы факторларының бірі болып табылады, деді. Жалпы елордадағы жағдай айтарлықтай қауіпсіз. Қоғамда «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға үлкен назар аударылады.

Сондай-ақ қала әкімі ІІМ, ІІД басшылығына және полиция қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу кезінде қандай да бір заңбұзушылықтарға жол бермегені,  қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді.

Кеңес соңында Министр Қалмұханбет Қасымов тәртіп пен заңдылықтың жай-күйіне, оны әрі қарай нығайтуға, ведомствода сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге байланысты бірқатар міндеттер қойды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар