Игорь Нанаевтың туыстары төбелеске қатысты видеоға сыйақы белгіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Игорь Нанаевтың туыстары мен достары спортшының өмірін қиған төбелестің суреті мен видеосын алу үшін сыйақы тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВКонтакте әлеуметтік желісінде Игорь Нанаевтың достары оған арналған парақша ашты, онда жүйелі түрде баскетболшыға қатысты ақпарат жарияланып тұрады. Соңғы жазбалардың бірінде спортшының достары төбелеске куә болғандар болса сурет немесе видео ұсынуын сұрады.

«ПАРК СИТИ» түнгі клубы жанында 16.10.02 -сінен 16.10.03-іне қараған түнде Игорь Нанаевтың өліміне себепші болған төбелестің айғақ суреті мен видеосын іздейміз. Сыйақы төленеді! Материалдар бар болса тергеуге тапсыруды сұраймыз! Аты-жөніңіз құпия қалуына кепілдік беріледі!» - делінген жазбада.
Игорь Нанаевтың туыстары қолдау көрсеткендерге алғыс білдіре отырып 5 күдікті ұсталғанын хабарлады. «Қолдау көрсеткендеріңізге зор алғыс айтамыз. Бұл біз үшін маңызды өйткені қайғымызға ортақтастыңыздар. Қазіргі уақытта іс алға жылжыды, адвокаттарымыз істі тергеуді жалғастыру үшін бар күштерін салуда. Сондай-ақ біздің сұхбатымыз, қол жинау және сіздердің қолдауларыңыз жемісін берді, іс Бас прокуратура мен ІІМ бақылауына алынды. Басқа да ақпаратты толығырақ қазір бере алмаймыз. Жаңа мәліметтер болса сіздерге хабарлаймыз», - делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, баскетболшы Игорь Нанаев 10 қазан күні Петропавлдағы облыстық ауруханада жан тапсырды. Жергілікті «Барс» клубының мүшесі қазанның 2-нен 3-іне қараған түні түнгі клубта болған төбелес кезінде ауыр жарақаттар алған болатын. Жансақтау бөліміне жеткізілген баскетболшының бас сүйегі мен ішкі мүшелеріне қатты зақым келген.
Спортшыны өлімші етіп сабады деген күдікпен 21 жастағы тұрғын қамауға алынған болатын. Кейін полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар болуы мүмкін тағы үш күдіктіні ұстады.
Тергеу амалдарының жүргізілу барысы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.  

 

Соңғы жаңалықтар