IFFHS рейтингі: Қазақстандық футбол клубтары нешінші орында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2017 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі үздік футбол клубтарының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат рrosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімді мадридтық «Реал» бастап тұр. Бұл орынды да: «Реал» өткен жылы Чемпиондар лигасында, Испания чемпионатында, УЕФА Суперкубогы мен әлемнің клубтық чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Мықтылардың үштігіне Либертадорес кубогының иегері «Гремио» мен Еуропа лигасының жеңімпазы «Манчестер Юнайтед» те еніп отыр.

null 

Қазақстан өкілдері рейтингтің алғашқы жүздігіне енбеді. Біздің командалар арасында ең жоғары орналасқаны - «Астана» клубы. Ол 129-орынды хорватиялық «Сплит» клубымен бөлісіп отыр. Бір жылдың ішінде 57 позиция жоғалтқан елордалық клуб 2016 жылы рейтингтің 72-ші сатысында тұрғанын еске сала кетейік.

null 

«Қайрат» былтырғы 180-ші орыннан 157-ге көтеріліп, көрсеткішін сәл де болса жақсартты. IFFHS кестесіне енген қазақстандық клубтардың тағы бірі - павлодарлық «Ертіс» 306-орынға жайғасқан. 

Соңғы жаңалықтар