Иесіз иттерді аулау жұмыстары енді бейнекамераға түсіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы иесіз үй хайуанаттарын аулау қызметінің жұмысы бейнекамераға тіркеліп отырады. Бұл туралы Алматы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Айдын Керімбек мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ит аулауға шыққан мамандарымызды бейнекамералармен жабдықтаймыз. Ол хайуанаттар тиелетін көлікке орнатылады және жұмысшылардың кеуделеріне ілінеді. Әйтпесе шағым көп, дәлел жоқ. Жұмысшылар камераны өшіре алмайды»,-деді А.Керімбек.

Иесіз үй хайуанаттарын аулау кезінде озбырлық көрсеткен жұмысшылар жазаға тартылып, тіпті жұмыстан қуылмақ.

Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылы қалалық ветеринария қызметі көшелерден 23 309 бас ит пен 578 мысық ұстаған, оның ішіндегі 2 975 ит пен 340 мысық иелеріне қайтарылған. Алматыдағы мал қорымында 20 мыңнан астам ит пен 300 мысықтың көзі жойылған.

Фото: pln-pskov.ru

Соңғы жаңалықтар