ИДМ жер қойнауына қатысты заң жобаларын онлайн талқылауға шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің порталында жер қойнауын пайдалануға қатысты екі заң жобасы бойынша ықпал ететін реттегішті талдау нәтижелері онлайн талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Талдау нәтижелерінің ішінде: 10 000 текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға тыйым салуды  ендіру; жерасты суларына іздестіру жұмыстарына құқық беру бойынша рұқсат тәртібін ендіру; лицензия негізінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін ендіру; лицензия негізінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін ендіру; лицензия негізінде жер қойнауын пайдаланудың ерекше түрін - старательдікті көрсету; жер қойнауы кеңістігін пайдалануға құқық берудің лицензиялық тәртібіне ауысу; жерасты суларын өндіруге құқық беру бойынша рұқсат тәртібін ендіру; барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алу және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру тәртібін ендіру қарастырылған.

Министрлік көпшілікті 2017 жылғы 10 мамырға дейін мерзімге ықпал ететін реттегішті талдау нәтижелерін қоғамдық онлайн талқылауға қатысуға шақырып отыр. 

Соңғы жаңалықтар