IBF Головкинді Джерси Джо Уолкотт атындағы сыйлықпен марапаттамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы  Геннадий Головкинге  (37-0, 33 КО) сыйлық бермек, деп хабарлайды Sports.kz .

Қазақстандық боксшы аса жоғары жетістіке жеткені үшін федерациядан Джерси Джо Уолкотт атындағы марапат алатын болады. Бұл Сент-Питерсбергте  (АҚШ, Флорида штаты) 21-25 мамыр аралығында өтетін 34-інші Жыл сайынғы конвенция барысында тапсырылмақ. 

Соңғы жаңалықтар